Францияда коменданттық сағат енгізіледі

Жарияланды
Коменданттық сағат 17 қазан мен 1 желтоқсан аралығында енгізіледі

Францияда коменданттық сағат енгізіледі. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.  

Ел билігінің хабарлауынша, мемлекетте COVID-19 жұқтырғандар санының өсуі байқалуда: 100 мың адамға шаққанда 180 адам індетті жұқтырған. Бүгінгі таңда реанимация бөлімшелерінде 1539 орын бар, ал төсек қорының жалпы саны 5000 орынды құрайды.

Коменданттық сағат 17 қазан мен 1 желтоқсан аралығында кешкі 21-ден таңғы 6-ға дейін енгізіледі. Режимді бұзушыларға үлкен айыппұл салынады.

Сондай-ақ оқыңыз