Халықаралық жүк автотасымалының көлемі 6% артты

Жарияланды
Биыл 10,8 млн. тонна жүк тасымалданды

Қазақстандық автотасымалдаушылар биылғы 9 айда халықаралық бағыттарда 10,8 млн. тонна жүк тасымалдады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6% көп. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Жүк экспорты – 4 млн. тоннаны, импорт – 6,8 млн. тоннаны құрап, 905 мың тонна транзиттік жүк тасымалданды.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында республика ішінде автокөлікпен 7,3 млрд жолаушы және 2,3 млрд тонна жүк тасымалданды.  
Ел аумағында коронавирустық инфекцияның таралуына және пандемияның дамуына жол бермеу мақсатында Үкімет қабылдаған карантиндік шаралардан ішкі жолаушылар айналымы екі есеге азайып, автомобильмен ішкі жүк тасымалы көлемі 8 % төмендеді. 
ҚР Үкіметінің тапсырмасы бойынша төтенше жағдай және карантин уақытында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мынадай шаралар қабылдады:

– ҚХР, Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Моңғолиямен 117 тұрақты автобус бағыты тоқтатылды;
– халықаралық және транзиттік жолаушылар тасымалына тыйым салынады;
– өңірлерге/өңірлерден жолаушыларды облысаралық және қалааралық тасымалдау тоқтатылды;
– өңірлерде автовокзалдар мен автостанциялардың жұмысы тоқтатылды;
-облыстардың, Нұр-сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріне ТЖ режимі кезеңінде өңірлерде автомобиль көлігімен жолаушыларды тасымалдауды шектеу жөнінде ұсынымдар жіберілді;
– Ресей және Өзбекстанмен мемлекеттік шекара арқылы өтетін 12 жеке автомобиль өткізу пункті уақытша жабылды.
– шет мемлекеттердің құзыретті көлік органдарына халықаралық қатынаста жүктерді тасымалдау кезінде санитариялық іс-шараларды сақтау қажеттілігі туралы ұсынымдар жіберілді;

 

Сондай-ақ оқыңыз