Жаңалықтар

Бішкек мэрі отставкаға кету туралы өтініш берді

Азиз Суракматов баспасөз конференциясында жарияламақ

Бішкек қаласының мэрі Азиз Суракматов отставкаға кету туралы өтініш берді. Бұл туралы 24.kg ақпараттық агенттігі хабарлады. 

Бұл туралы Азиз Суракматов бүгін ресми түрде баспасөз конференциясында жарияламақ.

Айта кетейік, бұған дейін Бішкек мэрі отставкаға кетуге өтініш берген болатын. 6 қазанда ол арыз жазып, қызметінен кетті. Алайда, 8 қазанда ол қашықтықтан жұмыс істейтіндігін атап өтіп, жұмыс орнына оралған болатын.