Коронавирус ауруын жұқтырғандар саны әлемде 40,7 миллионға жетті. 30,4 миллион адам індеттен жазылды. 9,2 миллион адам емделуде, оның 73 мыңға жуығы ауыр халде. 1 миллион 125 мың науқас қайтыс болды. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.
АҚШ-та, Еуропа елдерінде және Ресейде жағдай қиын. Үндістан мен Австралияда індеттің төмендеуі байқалды. Қытай өзінің экономикалық тұрғыда қалпына келгенің жариялады.