Қытайдың оңтүстік-батысындағы Сычуань провинциясында магнитудасы 4,7 жер сілкінісі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қытай сейсмологиялық орталығының мәліметінше, 11:03-те жерасты дүмпулер Сычуань провинциясындағы Мяньян қаласының Бэйчуань уезінде тіркелген.
Зардап шеккендер туралы мәлімет түскен жоқ.
Кеше Сычуань провинциясында күштілігі 4,6 балдық жер сілкінісі болған. Бүгінгі жерасты дүмпулерден кейін жергілікті мектеп қызметкерлері оқушыларды қауіпсіз жерге шығаруға дереу кіріскен.