Египеттен ПТР анықтамасыз келген екі адам әуежайдан қашып кетті
Жарияланды
329 адам шетелден анықтамасыз ұшып келген
Бүгін түнде, Египеттен ПТР-тестілеу нәтижелері туралы анықтамасыз келген Нұр-Сұлтан қаласының екі тұрғыны карантиндеу үшін арнайы автобусқа отырғызу кезінде әуежайдан қашып кетті. Бұл туралы Covid-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Көлік полициясының қызметкерлері аталған азаматтардың орналасқан жерін дереу анықтап, тәртіп бұзушыларды карантиндік стационарға жеткізді.
23 қазанға қараған түні Қазақстанға 11 халықаралық әуе рейсімен 1291 жолаушы келді, оның ішінде 329 анықтамасыз.
Жолаушылар Түркия, Египет, БАӘ, Беларусь, Грузия және Ресейден халықаралық әуе рейстерімен келді.