Жаңалықтар

Оңтүстік Кореяда тұмауға қарсы вакцина алған 13 адамның өлімі бойынша тергеу жүріп жатыр

Вакцинация бағдарламасына деген халықтың сенімі жойылды

Оңтүстік Корея билігі бұған дейін тұмауға қарсы маусымдық вакцина алған 13 адамның өлімі туралы белгілі болғаннан кейін азаматтарды тыныштандыруға тырысуда. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

Тергеу ісіне жетекшілік ететін медицина профессоры Ким Джунг Кондың айтуынша, мәйіттерді тексеру нәтижелері мен жүргізілген сынақтарға сүйене отырып, осы өлімдер мен вакцинаның арасындағы байланысты көрсететін белгілер әзірге жоқ.

Алайда, вакцинация бағдарламасына деген халықтың сенімі жойылды.

Корея медициналық қауымдастығы оқиғаның барлық мән-жайы анықталғанға дейін және қауіпсіздік қамтамасыз етілгенге дейін  вакцинациялауды тоқтата тұруға шақырды.

Жалпы алғанда, ақысыз вакцинацияның мемлекеттік бағдарламасына сәйкес 19 миллион адамға вакцина егу жоспарланған. Билік «Ковид-19» проблемалары аясында қарапайым тұмаудың өршуіне жол бермейміз дейді.

Бірінші болып вакцинацина алғаннан кейін  екі күн өткен соң 17 жасар бала қайтыс болды. Зардап шеккендердің қалған бөлігі – қатар жүретін аурулармен ауыратын қарт адамдар, олардың сегізі 70 жастан асқан.

 «Мен адамдардың алаңдаушылығын түсінемін және кешірім сұраймын» деді Оңтүстік Кореяның денсаулық сақтау министрі Пак Нун Ху, бірақ ақысыз вакцинация бағдарламасы жалғасатынын растады.

 «Біз бірқатар басқа агенттіктермен бірге [вакцина] шығарудан бастап барлық процесті тағы бір рет қарастырамыз», – деп қосты ол.

Ауруларды бақылау және алдын-алу бөлімінің бастығы Джонг Ю Квонг парламентте сөйлеген сөзінде ведомство вакцинация салдарынан өлімнің болуы екіталай деп тапты.

Тергеу жүріп жатыр. Атап айтқанда, қайтыс болған науқастарды коронавирусқа тестілеу нәтижелері күтілуде.