Павлодарда 16 түрлі азық-түлік бағасы өспейді

Жарияланды
«Павлодар» ӘКК мен «Низкоцен» ЖШС тиісті келісімге келді

Павлодар облысындағы «iNMart» сауда желісінің барлық 24 супермаркетінде әлеуметтік маңызы бар 16 азық-түлік тауарының  құны белгіленген шекті бағадан аспайды. Атап айтқанда, 1-сұрыпты ұн, күріш, қарақұмық, макарон өнімі, сары май, нан, айран, сүт, сүзбе, тауық еті, 1-санатты жұмыртқа, тұз, картоп, пияз, сәбіз бен қырыққабаттың бағасы тұрақты болады.

Осы мақсатта «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы аталмыш сауда желісінің иесі «Низкоцен» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне сауда айналымын толтыру үшін 50 млн теңгені тиімді шарттармен берді. Ал бұған дейін тауық өнімдерін шығаратын жергілікті «Қызылжар Құс» кәсіпорнына дүкендерге тауық етін шекті бағамен жеткізу үшін 150 млн теңге бөлінген болатын. 

Айта кетейік, ауыл шаруашылығы тауарларын өндіретін 115 компания әлеуметтік дүкендерге тауарларды нарықтағы бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен жеткізеді. Себебі облыстың шаруа қожалықтарымен «Өндірушіден – сөреге дейін» қағидатын көздейтін бірнеше меморандум жасалған еді. 

Статистика деректеріне сәйкес, Павлодар облысында 13 түрлі әлеуметтік маңызды азық-түлік өнімінің құны республика бойынша қалыптасқан орташа бағадан төмен. Оның ішінде 7 өнімнің бағасы – еліміздегі ең төменгі баға. 
 

Сондай-ақ оқыңыз