Жаңалықтар

Еуропаның бірқатар елі карантин шараларын күшейтті

Португалияда көшеде бетперде тағуды міндеттейтін заң қабылданды

Еуропа елдерінің билігі карантиндік шараларды күшейтуде. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. 

Португалияда көшеде бетперде тағуды міндеттейтін заң қабылданды және үйлену тойлары, діни іс-шараларды және басқа да жаппай отбасылық іс-шараларға тыйым салды. Елде 2 қараша коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандарды Ұлттық аза тұту күні болып жарияланады.

Италияның Кампания аймағының губернаторы Хэллоуинге байланысты демалыс күндері коменданттық сағат енгізетінін жариялады. Алдағы екі аптада бұл оңтүстік аймақта, оның ішінде Неапольде мектептер жабылатыны хабарланды. 

Грецияда COVID-19 таралуы жоғары аймақтарда коменданттық сағат енгізіледі, бетперде тағу тек ғимараттар, барлар мен мейрамханаларда ғана емес, сонымен қатар ашық қоғамдық жерлерде де міндетті болып табылады.

Чехияда мектептер, мейрамханалар, спорт клубтары, сондай-ақ халыққа қызмет көрсететін бірқатар кәсіпорындар жабылды. Азық-түлік дүкендері мен дәріханалар жұмыс істейді. Бетперде кию міндетті болып табылады.

Болгария билігі медициналық университеттердің студенттерін медициналық қызметкерлер жетіспейтін ауруханаларға көмектесуге шақырды. Ел Үкіметі төтенше эпидемиялық жағдай режимін қараша айының соңына дейін ұзартты. Елде қатаң бетперде тағу режимі енгізілді.

Словакия билігі азаматтардың көшеде жүруіне шектеу енгізуде: үйден тек орынды себептермен шығуға болады. Жоғары сынып оқушылары дүйсенбіден бастап қашықтықтан оқытуға ауыстырылады.