Samsung төрағасы Ли Гон Хи 79 жасында қайтыс болды, – деп хабарлайды РИА Новости.
Ли Гон Хи жексенбіде Сеулдегі Samsung ауруханасында қайтыс болды.
Ол 1942 жылы дүниеге келген, ал 1987 жылы әкесінен, яғни Samsung негізін қалаған Ли Бен Чхольдан кейінгі екінші төраға болып тағайындалған.
2014 жылы Ли Гон Хи инфаркт алып, емделген болатын, содан кейін корпорацияның жұмысы оның мұрагеріне, ұлына, Samsung Electronics еншілес компаниясының вице-президенті Ли Чжэ Енге өтті.
Ли Чжэ Еннен басқа Ли Гон Хидің Ли Бу Чжин мен Ли Со Хен атты қыздары бар. Тағы бір қызы Ли Юн Хен 2005 жылы өз-өзіне қол жұмсаған.