AQYL жинақтау салымдарының артықшылығы неде

Жарияланды
5-7 пайыз мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы есептелген

«AQYL» білім беру жинақтау салымдарының артықшылығы неде? Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми Telegram каналы хабарлады. 

«AQYL» білім беру депозиті  –  бұл сіздің жеке біліміңізге және балаларыңыздың біліміне қаражат жинауға мүмкіндік беретін бірегей білім беру депозиті. 

Артықшылықтары:

Банк сыйақысымен қатар жинақталған соманың 5-7%-ы мөлшерінде мемлекеттік сыйлықақы есептеледі.

Салым 10 млн. теңгеге дейінгі соммада Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорымен сақтандырылған.

Депозит үшінші тұлғалар тарапынан тыйым салудан және өзге де шектеулерден қорғалған.

Салымшы депозитті толтыру мөлшері мен жүйелілігін өз бетінше анықтайды.

Егер бала грантқа түссе, салымшы: жинақтауды жалғастыруға, магистратураны төлеуге, толық қаражатты шешіп алуға, қаражатты екінші баланың депозитіне аударуға құқылы.

Жинақ  ақшамен қазақстандық немесе шетелдік жоғары оқу орындарында немесе колледждеріндегі оқуды төлеуге болады. 

«AQYL» депозитін жас ерекшелігіне қарамастан Қазақстанның барлық азаматтары аша алады.

Сондай-ақ оқыңыз