Бетон төселген жолдар 25-30 жылға шыдайды

Жарияланды
Қазақстанда қанша шақырым жолға бетон төселген?

Соңғы он жылда еліміздің негізгі автожол жобаларында цементбетоннан жабынды төсеу бағытында қыруар жұмыс атқарылған. Мамандар аталған материал өзге жол төсемдеріне қарағанда әлдеқайда берік және ұзаққа шыдас беретінін айтады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің Telegram каналы хабарлады.

Бүгінгі таңда Қазақстандағы бетонды жолдардың ұзындығы 1,6 мың шақырымды құрайды. Мұндай жабынды «Нұр-Сұлтан-Шортаңды», «Нұр-Сұлтан-Ерейментау-Шідерті», «Алматы-Шелек-Қорғас», «Алматы-Талдықорған», «Алматы-Тараз-Шымкент-Ташкент»,  «Шымкент-Түркістан», «Нұр-Сұлтан-Қарағанды» тасжолдарының учаскелерінде бар. 

Жолшылар цементбетонды «қатты жол киімі» деп атайды. Айтуларынша, аталған жабынды 30 жылға дейін қызмет көрсетеді.  

 «Бетоннан жасалған жолдар 25-30 жылға дейін шыдас береді. Асфальтбетон жабындысы болса, 9-20 жылға дейін қызмет көрсетеді. Бетон жолдар, негізінен ауыржүктасығыш көліктердің жүрісін қамтамасыз ету үшін салынады. Мысалы, Қазақстан Республикасында «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық көлік дәлізінің жартысы цементбетоннан төселген. Өйткені аталған жол ауыржүкті көліктердің ұзақ мерзімді қозғалысына арналған. Сол үшін аталған күре жолдың құрылысында цементбетон қолданылды», – дейді «ҚазжолҒЗИ» АҚ президенті, профессор Бағдат Телтаев.
 

Сондай-ақ оқыңыз