Борат неге Қазақстанды таңдағанын түсіндірді
«Борат» фильмінің режиссері әрі басты рөлді сомдаған актер Саша Барон Коэн не себепті Қазақстанды таңдағанын түсіндірді. Белгілі The New York Times басылымының электронды поштасына түсіндірме түрінде жолдаған.
Саша Барон Коэннің айтуынша, фильмді Қазақстанды келеке ету мақсатында түсірмеген.
«Бұл жай ғана комедия, менің фильмімдегі Қазақстанның шынайы Қазақстанға ешқандай байланысы жоқ. Мен Қазақстанды Америка Құрама Штаттарында ешкім біле бермейтіндіктен таңдадым. Бұл бізге жабайы, комедиялық, жалған әлем құруға мүмкіндік берді. Нағыз Қазақстан – бұл «Боратта» көрсетілген елге мүлде ұқсамайтын заманауи, мақтан тұтар қоғамы бар көрікті ел», – деп Сашаның сөзін келтірді басылым.
Саша Барон Коэн бұл мәлімдемесін аталмыш басылымның редакциясына электронды пошта арқылы жолдаған.