Жаңалықтар

Ресейде бір тәулікте 16 550 науқастан індет анықталды

Бұл елде барлығы 26 589 науқас қайтыс болды

Ресейде бір тәулікте  коронавирус  жұқтырған 16 550 адам тіркелді. 320 адам қайтыс болды, деп хабарлады коронавируспен күрес жөніндегі жедел штаб. Бұл туралы ВВС сайты мәлімдеді. 

Мәскеуде 4312 адам тіркелді, 61 адам қайтыс болды. Санкт-Петербургте өткен тәулікте тағы 721 жағдай анықталды. 

Ресейде пандемия кезінде  індет жұқтырған 1 547 774 адам тіркелді, 1 158 940 адам жазылып шықты, 26 589 науқас қайтыс болды.