Тоқаев мемлекеттік рәміздердің қолданысын қайта өзгерту керегін айтты

Жарияланды
Туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның мемлекеттік рәміздерін пайдалану туралы заңнаманы қайта қарау керегін мәлімдеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter парақшасында жазды. 

Парламенттің бірқатар депутаттары мен патриот азаматтардың еліміздің мемлекеттік рәміздерін, атап айтқанда, ҚР мемлекеттік туын кеңінен қолдану туралы ұсынысын қолдаймын.

    «Қолданыстағы заңнамада туымызды пайдалануға қатысты шектеулер бар. Мысалы, пәтерлердің балконына немесе үйлердің қабырғасына ту ілуге тиым салынған. Заңнамалық және нормативтік актілерді, ең алдымен, Мемлекеттік рәміздерді пайдалану қағидаларын қайта қарау қажет», – деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Сондай-ақ оқыңыз