Германия мұндай шешімді елде коронавирустық инфекцияның күрт көбеюіне байланысты қабылдап отыр. Бұл туралы baq.kz сайты хабарлады.
«Германия канцлері Ангела Меркель коронавирус инфекциясының өршуіне байланысты елде локдаунның «жеңіл» нұсқасын енгізуге ниетті.», – делінген хабарламада.
Дүкендер белгілі бір шектеумен ғана жұмыс істейді Мейрамханалар мен барлар жабылады, барлық бұқаралық шаралар тоқтатылады.
Ал мектептер мен балабақшалар жұмысын жалғастыра бермек. Бұқаралық іс-шараларды толығымен алып тастау жоспарлануда.
Роберт Кох институтының мәліметіне сәйкес, 27 қазандағы жағдай бойынша Германияда коронавирустық пандемия басталғалы бері COVID-19 ауруының 437 866 жағдайы анықталды. Бір күнде елде 8 685 адам коронавируспен ауырды. 10 056 адам қайтыс болды.