Kaspi.kz қызметінде ақау туындады

Жарияланды
Төлем мен аударым жасау уақытша жұмыс істемейді

Kaspi.kz қосымшадағы техникалық ақауларды ретке келтіруде. Ешқандай кибершабуыл болмаған, клиенттердің қаражаты түгелдей өз қалпында және ақау ретке келтірілгеннен кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі, деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі. 

Клиенттердің ақшалары жеке шоттарында сақтаулы тұр.

«28 қазан күні Kaspi.kz қосымшасында техникалық ақау туындады. Нәтижесінде  клиенттердің шоттарындағы қаржы көлемін қате көрсетуде. Өкінішке қарай картамен төлем жасау, банкоматтардан ақша шешу, толықтыру, төлемдер мен аударымдар уақытша қожетімсіз», – делінген хабарламада.  

Компания барлығын тез арада қалыпқа келтіру үшін жұмыс жасауда. 

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде мұның кибершабуыл екендігі туралы жалған ақпарат тарады.  Ешқандай кибершабуыл болмағанын хабарлаймыз, клиенттердің қаражаты  түгелдей өз қалпында және ақау ретке келтірілгеннен кейін қосымшада дұрыс көрсетіледі.

Қазір банк қосымшасында шоттағы қаржы сомасы көрінбей тұр. Қосымшада ақпараттың  11:00 жаңартылатыны жазылған. Сонымен бірге банк уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрады.
 

Сондай-ақ оқыңыз