Қазақстан мен Қытай шекарасындағы «Бахты-Покиту» пункті ашылатын болды
ҚР Сыртқы істер министрлігінің ақпаратына сәйкес, Қазақстан-Қытай шекарасындағы «Бахты-Покиту» өткізу пунктінің жұмысы жүк тасымалдаушылар үшін 2020 жылдың 28 қазанынан бастап қайта жанданатын болады. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдылық даму министрлігінің Telegram каналы.
Сондай-ақ, COVID-19 індетінің ұлғаюуын болдырмау мақсатында қытай тарапымен осы өткізу пункті арқылы туристер мен басқа тұлғалардың өтуіне уақытша тыйым салынады.
Өз кезегінде Қытай тарапы қосымша «Қалжат-Дулаты» және «Майқапшағай-Зимұнай» өткізу пункттері арқылы жүк тасымалдаудың мүмкіндіктерін, сондай-ақ, қазақстандық жүргізушілердің Қытай өткізу пункттерінің логистикалық орталықтарына кіру мәселелерін қарастырып жатқанын жеткізді.
Еске салсақ, Қытай тарапы, өз елінде COVID-19 індетінің таралу үрдісі белең алып тұрған себепті автомобиль көлігімен жүк тасымалына кейбір шектеулерді енгізген болатын.