Қытайда жас миллиардерлердің саны артты

Жарияланды
Қытайлық кәсіпкерлер пандемияға қарамастан көп табыс тапқан

Қытайда 40 жасқа толмаған миллиардерлер саны 2020 жылы 14-ке дейін арттып, 60-қа жетті. Әлем соңғы онжылдықта ең ауыр экономикалық дағдарысты бастан кешіп жатқанда, олар 223 миллиард доллардан астам қаржы жинады. Бұл туралы CNBC хабарлады.

Қазір елде 878 миллиардер тұрады, олардың байлығы 4 трлн. 2010 жылы байлардың саны небәрі 189 болған.

   «Әлемде бір жыл ішінде мұндай байлық ешқашан болған емес. COVID-19-қа қарамастан қытай кәсіпкерлері әлдеқайда жақсы жұмыс жасағды», – деді Hurun Report төрағасы және негізгі тергеуші Руперт Хугеверф. Оның рейтингісі 2012 жылдан бері ең бай қытайлықтар туралы деректерді жариялады.

Қытайдағы 40 жасқа дейінгі ең бай миллиардерлердің тізімі: Хуян Ян және оның отбасы (33,1 миллиард доллар), Цзэтиан Чжан (23,5 миллиард доллар), Хао Ян (21,3 миллиард доллар), Имин Чжан (16,2 млрд. доллар), Банксин Чжан (14 миллиард доллар), Ганг Чжан (8,8 миллиард доллар), Сяосун Ванг (6,4 миллиард доллар), Цун Ву (5,3 миллиард доллар), Ган Е (4,9 миллиард доллар), Хуа Су (3,8 миллиард доллар) ), Мэн Янг және Ли Хе (3,7 миллиард доллар), Сян Ли (3,5 миллиард доллар), Лян Чжан (3,45 милларид доллар), Тяньши Чен (3,1 миллиард доллар), Исяо Чен (3,1 миллард доллар), Ифенг Ванг (3,1 миллиард доллар), Вэй Ченг (2,8 миллиард доллар), Гоюань Пэн (2,6 миллиард доллар), Чжэн Цао (2,5 миллиард доллар) және Ян Ву (2,5 миллиард доллар).
 

Сондай-ақ оқыңыз