«СҚ-Фармация» қоймаларында індетті емдейтін дәрінің 12 түрі қорда жоқ, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекеновтың айтуынша ,26 қазанда елордалық антикор қызметі, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті, қалалық әкімдік, » ҚР «Фармацевтика қызметін қолдау және дамыту қауымдастығы» ЗТБ филиалының мамандары «СҚ-Фармация» ЖШС қоймаларындағы қорын тексерген.
«Мониторинг тобы қоймада дәрінің 32 түрі сақталғанын анықтады. Қорда болуы тиіс 12 позиция жоқ, ал бес түрлі дәріні жеткізудің шарты мүлдем жоқ», – деді Мирас Шекенов.
«СҚ-Фармация» өкілі А. Салиевтің айтуынша қорда болуы тиіс дәрілік зат осы жылдың 20 қарашасына дейін жеткізілуі керек», – деді Шекенов.