Қызылордада тергеу изоляторына тыйым салынған заттарды өткізбекші болған азамат ұсталды,- деп хабарлайды Polisia.kz сайты.
Қызылордада тергеу изоляторында қамауда отырған азаматқа танысы алып келген сәлем-сауқатты тексеру кезінде мекеме қызметкерлері палауға жасырылған тыйым салынған затты тауып тәркіледі.
Тергеуге қамалған күдіктінің танысы «Samsung» маркалы телефонын, «Beeline», «Activ» ұялы телефон операторларының сим карталары мен екі дана қуаттағыш құрылғыны фольгаға орап, тамақтың ішіне жасырып өткізбек болған.
Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 481-бабына сәйкес (Қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелерінде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) әкімшілік материалдар жиналып, сотқа жіберілді.