Инвестиция

Үй кезегінде тұрғандардың бәрі «5-10-20» бағдарламасына қатыса алады

Шаңырақ бағдарламасына кезекті өтінім беру басталды

Бүгін баспанаға мұқтаж жан ретінде әкімдік кезегіне тұрған азаматтардан Шаңырақ «5-10-20» бағдарламасына өтініш қабылдаудың төртінші кезеңі басталды. Енді жобаға 1986-2017 жж. аралығында кезекке тұрған адамдардан бөлек, 2018, 2019 және 2020 жылы әкімдік кезегіне тұрған азаматтар да қатыса алады, деп хабарлайды жоба операторы. 

«Шаңырақ» пилоттық жобасы мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, баспаналы болуды армандаған қазақстандық азаматтарға жеңілдетілген шарттармен несие беру мақсатында әзірленген. 

Жоба операторы – Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы). 

«Бағдарламаға қатысу үшін соңғы алты ай ішіндегі отбасының әр мүшесіне келетін отбасылық табыстың бір айлық көлемі 3,1 күнкөріс минимумынан аспайтын (2020 жылдың 1 сәуірінен бастап КМ – 32 668 теңгеге тең) еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен түсетін кірістің (зейнетақы аударымдарын, жеке табыс салығы мен басқа да міндетті аударымдарды есептемегенде) болуы талап етіледі. Яғни, 2020 жылы отбасының әр мүшесіне келетін табыс көлемі 101 271 теңгеден аспауы тиіс», – делінген хабарламада. 

Бағдарламаның бірінші кезеңінде 19 407 өтініш қабылданып,  жалпы көлемі 5 752 000 000 теңгеге 447 несиелік  қарыз мақұлданған.  Бірінші кеззеңде 1986-2010 жыдар аралығында үй кезегіне тұрған азаматтардан өтініш қабылданған. 

Ал екінші кезеңінде 22 834 өтініш қабылданды, оның 17 986 кезекке тұру датасына (2011-2015жж.) сай келді. Нәтижесінде жалпы көлемі 22 325 000 000 теңгеге 1 620 несиелік өтініш мақұлданды.      

Бағдарламаның үшінші кезеңінде 11 957 адам өтініші берсе, оның 9 511 кезекке тұру датасына (2016-2017жж.) сай келген.  319 адамға жалпы көлемі 4 361 000 000 теңге ипотекалық несие берілген 

Үш кезеңде жалпы көлемі 32 млрд 400 млн теңгеболатын  2 386 несиелік өтініш мақұлданды.      

«Шаңырақ» пилоттық жобасын жүзеге асыру үшін ҚР Ұлттық банкінің еншілес ұйымының қаражатынан 210 млрд теңге көлемінде қаражат бөлу жоспарланған. Оның 90 млрд теңге көлеміндегі алғашқы бөлігі Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне түсті. Осы бюджетке сәйкес, еліміздің шамамен 7-8 мыңдай отбасын баспанамен қамтамасыз етуді жоспарланып отыр. Жылдық мөлшерлемесі 5 пайызға тең (ЖТСМ 5,2% бастап), жеңілдетілген заемды алу үшін, бағдарлама қатысушылары әкімдік кезегінде тұрулары қажет. Сондай-ақ Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі жинақ шоттарында займ мөлшерінің 10 пайызы көлеміндегі соманы бастапқы жарна ретінде жинаулары қажет. Несиелендіру мерзімі 20 жылға дейін. 

Аталмыш бағдарлама бойынша тұрғын үйді тек жаңа соғылған үйлерден ғана алуға болады. Бұл «5-10-20» бағдарламасы бойынша жергілікті әкімдіктер соғып жатқан несиелік тұрғын үйлер мен жеке құрылыс компаниялары соққан үйлер (сондай-ақ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ-ның үлестік құрылысқа қатысу туралы кепілдігі бар келісімі болған жағдайда).

«Шаңырақ» бағдарламасы бойынша пәтер алуға болатын құрылыс компанияларының тізімін www.hcsbk.kz сайтынан жүктеп алуға болады. 

Әкімдіктер салған несиелік тұрғын үйлердің 1 шаршы метрі бойынша келесі баға мөлшерлері белгіленген: 240 мың теңгеге дейін – Алматы қаласында,
220 мың теңгеге дейін – Нұр-Сұлтан қаласында, 200 мың теңгеге дейін – Шымкент қаласы мен Алматы маңындағы аймақтарда, 180 мың теңгеге дейін – Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Түркістан, Қарағанды қалалары мен Қарағанды облысында, басқа өңірлерде – 160 мың теңгеге дейін.

Пәтерлер жеке құрылыс компаниялары соққан үйлерден сатып алынған жағдайда ең жоғары заем сомасы: Нұр-Сұлтан мен Алматы қалалары мен олардың шекарасымен іргелес елді мекендерде 18 млн теңге, Атырау, Ақтау, Ақтөбе, Шымкент, Түркістан мен Қарағанды облысында 15 млн теңгеге дейін, ал қалған өңірлерде 12 млн теңгеге дейінгі баға ұсынылған. 

Әкімдік кезегінде тұрған азаматтар бағдарламаға қатысу туралы және төлем қабілеттілігін бағалау жөніндегі өтініштерін тек www.hcsbk.kz сайты арқылы электронды түрде бере алады. Бұл Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің клиенттеріне де, әзірше банктен салым ашып, клиенттер қатарына қосылып үлгермеген тұрғындарға да қатысты.