Жаңалықтар

1 қарашадан бастап Шығыс Қазақстан облысына блок-бекеттер қойылады

Бір күнде 139 адам індет жұқтырған

1 қарашадан бастап ШҚО-да блок-бекеттер қойылатын болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады. 

    «Бір тәулік ішінде өңір бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 139 жағдайы тіркелді. 100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш жалпы республикалық деңгейден асып, 683,6 құрап отыр. Облыстағы эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауының негізгі себептері тұрғындар мен кәсіпкерлік субъектілерінің эпидемияға қарсы шектеу іс-шараларын сақтамауы, сондай-ақ шектес мемлекеттермен жалғасатын жолаушылар мен жүк ағындары болып табылады. Қалыптасқан эпидемиологиялық ахуалда өңір басшылығы Өскемен қаласы мен облыс халқының қалыпты тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараны қабылдайтын болады. Кәсіпорындар, азық-түлік дүкендері, дәріханалар, банктер, ХҚКО-лар жұмыс істейді. Біз бизнесті енгізілген карантиндік шаралардың салдарынан барынша қорғауға тырысамыз», – деді ШҚО тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы Талғат Тұңғышбаев. 

Жаңа қаулы жақын арада жарияланады.