Зейнетақы қорындағы активтер 12,5 триллион теңгеден асты

Жарияланды
Кіріс 4,81 пайызға тең

2020 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ҚРҰБ сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 12,5 трлн теңгеден асты. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның ресми Telegram каналы хабарлады. 

Есептелген инвестициялық кірістің құрылымы төмендегідей сипатқа ие:
• бағалы қағаздар бойынша сыйақы түріндегі кірістер, оның ішінде орналастырылған салымдар мен «кері РЕПО» операциялары бойынша 612,28 млрд теңге;
• бағалы қағаздарды нарықтық қайта бағалаудан түскен кірістер (шығындар) 51,76 млрд теңге;
• шетел валютасын қайта бағалаудан түскен кірістер (шығындар)  364,78 млрд теңге;
• басқа активтерді қайта бағалаудан түскен кірістер (БҚҚ)  (5,49) млрд теңге;
• сыртқы басқарудағы активтер бойынша кірістер (шығындар)  84,50 млрд теңге;
• өзге кірістер – 3,98 млрд теңге. 

Инвестициялық қызмет нәтижесінде, сондай-ақ шетел валюталары бағамдарының құбылмалылығы және қаржы құралдарының нарықтық құнының өзгеруі салдарынан есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 2020 жылдың басынан бастап 1,1 трлн теңгені құрады. 2020 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген БЖЗҚ зейнетақы активтерінің кірістілігі 9,71%-ы, инфляция 4,90%-ды құрады. Осылайша, БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,81% – ға тең болды.

Бұл ретте 2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2019 жылғы қазаннан бастап 2020 жылғы қыркүйекке дейін) зейнетақы активтерінің кірістілігі инфляция 7,00% болған кезде 11,38%-ды құрады. Осылайша  соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 4,38% көрсеткішке ие болды.
 

Сондай-ақ оқыңыз