ҚР Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті экс-денсаулық министрі Елжан Біртановқа қатысты тергеу әрекеттерін әлі ашқан жоқ.
«Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің қаржы мониторингі комитеті бұрынғы денсаулық сақтау министріне қатысты тергеу амалдары туралы ақпарат Қылмыстық процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайтынын хабарлайды», – деп жазды Интерфакс министрліктің хабарламасына сілтеме жасап.