Қазақстан әлемдегі ең қауіпсіз елдердің рейтингісінде 71-орынға ие болды
Қазақстан Республикасы әлемдегі ең қауіпсіз елдердің рейтингінде 71 орынға ие болды. Ел 79 ұпай жинап, 144 елдің тізімінің ортасында болды. Бұған Gallup институты дайындаған «Құқықтық тәртіптің ғаламдық индексі» зерттеуінің мәліметтері дәлел.
Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің ішінде Армения 30-шы орында (85). Келесі кезекте Беларуссия 77 (77), Қырғызстан 79 (77), Ресей 91(74) келеді.
Халықтың полицияға сенетін ондығына Сингапур (97), Түркменстан (97), Қытай (94), Исландия (93), Кувейт (93), Норвегия, Австрия, Швейцария, Өзбекстан және БАӘ кірді (барлығы: 92)
Әлемдегі ең қауіпті он елдің қатарына Мексика (61), Ботсвана (61), Сьерра-Леоне (60), Уганда (59), Гамбия (58), Оңтүстік Африка (57), Либерия (54), Венесуэла (54), Габон (52) және Ауғанстан (43).
Естеріңізге сала кетейік, «Құқықтық тәртіп» индексі адамдардың жергілікті полицияға деген сенімін, олардың жеке қауіпсіздігін сезінуін көрсетеді. Ұпай неғұрлым жоғары болса, халықтың өзін қауіпсіз сезінетін үлесі соғұрлым жоғары болады.