Жаңалықтар

Түркияда жер сілкінісінен қаза тапқандар саны 25 адамға жетті

Жалпы саны 804 тұрғын зардап шекті

Измирдегі жер сілкінісі құрбандарының саны 25-ке жетті, Түркияның батысындағы 804 тұрғын зардап шекті. Бұл туралы aa.com сайты хабарлады. 

Бұл жайында Түркия үкіметі жанындағы төтенше жағдайлардың алдын алу және басқару жөніндегі басқармасы (AFAD) хабарлады.

AFAD мәліметтері бойынша, қуатты жер сілкінісінен кейін 6,6 магнитудалық 341 әлсіз жер сілкінісі болды, күші 4 баллдан жоғары.

   «Измирде 743, бесеуі Маниса провинциясында, екі адам Балыкесирде және Айдын провинциясында 54 тұрғын – барлығы 804 адам жарақат алды», – деп хабарлады AFAD.