Алматыда бос тұрған ғимараттар әлеуметтік нысандар ретінде берілуде. Бос тұрған ғимараттарды әлеуметтік нысан ретінде беру туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн-брифингінде Алматы Мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Рүстем Әлиев айтып берді, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, жұмысы тоқтап тұрған ғимараттар әлеуметтік нысандарға — мектептер, балабақшалар, емханаларға беріледі.
Биыл қала республикалық меншіктен бос тұрған екі нысанды қабылдады:
– Түрксіб ауданындағы Тынышбаев көшесі, 4/6 мекенжайындағы, ауданы 491,3 ш. м үш литерден тұратын кешен қайта жаңартылғаннан кейін психоневрологиялық патологиялары бар мүгедек балаларға арналған 60 орынға есептелген күндіз қабылдайтын орталық ашу жоспарлануда.
– Бостандық ауданындағы Алмалы бақ көшесі, 4А, ауданы 196,9 ш. м тұрғын үйдегі ғимаратты «Бақытты отбасы» кешенді бағдарламасы аясында бұл жерде «Іскер Ана» орталығын ашу жоспарлануда.
«Жеке және заңды тұлғалар мүлікті қала сыйына өтеусіз берген кезде сыйға тарту әдісі – бизнестің әлеуметтік жауапкершілігінің үлгісі болып табылады», — деп атап өтті Рүстем Әлиев.
Жеке заңды тұлғалардан сыйға тарту шарты бойынша үш нысан қабылданды:
– Бостандық ауданында Егізбаев көшесі, 7А, ауданы 3115,7 ш. м болатын балабақша. Мұнда 150 орынға есептелген №191 мемлекеттік балабақша ашылды. Балабақша тұзды шахтамен және сенсорлық бөлмелермен жабдықталған.
– Алмалы ауданындағы Мәуленов көшесі, 46 мекенжайындағы «Elit Towеr» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатындағы ауданы 217,1 ш. м тұрғын үй емес ғимаратты жергілікті тұрғындардың қажеттіліктерін ескере отырып, оқырмандарға қызмет көрсету үшін ашық аймақтармен коворкинг-орталық кітапханасын ашу көзделеді (оның ішінде тілдерді оқыту курстары, түрлі үйірмелер бар).
– «Атакент» КІЫО аумағындағы абаттандыру объектілері — орындықтар, урналар, субұрқақтар. Аудан әкімдігі коммуналдық меншікке өткеннен кейін, уақытылы қызмет көрсетуді және күтім көрсетуді ұйымдастырды.
Ауданы 59,5 ш. м болатын Жетісу ауданындағы бос тұрған ғимаратты коммуналдық меншік объектілерін қайта бөлу арқылы домбыра мектебі ашылды. Онда балалар халық аспаптарында ойнауды тегін үйренеді.