Экспорт азайып, импорт төмендеді

Жарияланды (жаңартылды )
Сыртқы тауар айналымы да кеміген

Қазіргі кезде Қазақстанның жиынтық тауар айналымы 55,6 млрд АҚШ доллларын құрайды. Бұл ретте  сауда-саттықтың 29%-ы  ЕО елдерімен, 20%-ы – Ресей және 18 пайызы  Қытаймен жасалады. Коронавирустың өршуіне байланысты сауда құрылымындағы қазақстандық өнім экспорты 18,6%-ға төмендесе, ал импорт  тек 6,4%-ға азайған. Ал бұл елдің экономикалық дамуына қауіп төндіреді деп пайымдайды FinReview сарапшылары. 
 
Коронавирус пандемиясы  дүниежүзідегі елдердің экономикалық белсенділігіне айтарлықтай әсер етті. Әлемдік экономика үшін шектеу шараларының салдарынан ішкі іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуінен бөлек, сыртқы сауда көлемінің қысқаруы  – жалпы теріс факторға айналды. Эпидемиологиялық жағдайдың бұндай әсері ЖІӨ өсіміне ғана емес, мемлекеттік бюджетке түсетін түсім көлемін де азайтады. Сыртқы сауда қатынастарының алдағы жарты жылда қалай өрбитіні белгісіз, дегенмен түрлі зерттеу институттары біртіндеп қалпына келеді деген болжам жасап отыр. 
 
FinReview.info аналитиктері әлемдік және аймақтық сауданың негізгі нәтижелерін зерттеп, нарықтығ алдағы екі жылда қалай дамитынын анықтауға тырысқан. 
 
Жаһандық сауда индексі тарихи минимумға дейін төмендеді
 
Жарты жылдың қорытындысы бойынша, жаһандық сауда көрсеткіштері алаңдатарлық жағдайды байқатып тұр. Дүниежүзілік сауда ұйымының есебі бойынша, жарты жыл ішінде әлемдегі сауда индексі 84,5%-ға дейін төмендеген. Бұл  – 2007 жылдан бергі ең төменгі көрсеткіш, ал оған жақын мәндер 2008 жылдардағы  қаржы дағдарысы кезінде болған. 

Карантин шараларының теріс салдары бүкіл сауда-саттық салаларына әсер етті. Ал ең көп зардап шеккен – автомобиль өнеркәсібі, оның индекс 71,8%-ға дейін төмендеген. Одан кейін әуе тасымалы саласы тұр. Жүк тасымалы бағыты  сәл жақсы динамика көрсетіп тұр, бұл саланың индексі 86,9 пайызда тұрақтаған. Пандемиядан ең аз зардап шеккен  салалар – ауыл шаруашылығы мен техникалық салалар. Бұл салалардағы индекс 92,5% және 92,8%-ға дейін төмендеген.
 
Дүниежүзінде қалыптасқан жағдайға байланысты қазақстандық экспорттаушылардың жағдайы да нашарлады.

Қазақстандық өнім экспорты 18,6%-ға төмендеді
 
2020 жылдың сегіз айында Қазақстанның экспорт көлемі 31,9 млрд АҚШ долларын құраған. Бұл көрсеткіш 2019 жылдың  дәл сол кезеңімен салыстырғанда 5,9 млрд АҚШ долларына аз. 
 
Дүниежүзінде енгізілген шектеу шаралары салдарына Қазақстан шетке шығаратын негізгі тауары – минералды шикізат экспортын 16,8%-ға қысқартуға мәжбүр болды. Ал экспортқа шығарылатын өнімнің 70 пайызы  – минералды шикізат. Қазақстандық шикі мұнайды жеткізу абсолюттік мәнде 12,7%-ға өсті, бірақ ақшалай мәнде мұнай нарығының құлдырауына байланысты 25,9%-ға қысқарып, 17,1 млрд АҚШ долларын құраған. Табиғи газ сауда-саттығы 22,2%-ға, ал кен мен концентрат саудасы 17,3%-ға төмендеді.

Тек жанар-жағармай саудасында оң көрсеткіш байқалған. Бірақ оның жалпы экспорт көлеміндегі үлесі 1 пайыздан аспайды. 

Сонымен қатар, трактор (өсім 87,3%) мен ұн (+22,6%) саудасы жақсы жүрген.

mailservice (1).png

Қазақстандық өнім Қытай, Италия және Нидерландыда сұранысқа ие 
 
Қытай 2020 жылдың сегіз айында жалпы құны  5,2 млрд АҚШ долдар болатын  қазақстадық өнімді импорттаған. Бұл қазақстандық экспорт көлемінің 16,3%-ын құрайды.
 
Италия 4,6 млрд АҚШ долларына Қазақстан шығарылған өнім сатып алды. Негізінен Италья мұнай сатып алған. 
 
Нидерландыда да Қазақстаннан мұнай мен мұнай өнімдерін импорттайды. Бұл ел  жалпы құны  2,4 млрд доллардың өнімін сатып алған. 
 
Импорт тек 6,4%-ға азайған

Қазақстан әлі күнге импорттық тауарларға тәуелді. Тіпті кейбір тауарларға деген сұраныстың 80 пайызы шетелдік өнім есебінен жабылады.  Олардың ішінде қант, тауық еті, көлік, құрал-жабдық, киім және басқалары бар. Сондықтан 2020 жылдың сегіз айының қорытындысы бойынша импорт көлемі өте жоғары – 23,8 млрд доллар.

Экспорттың күрт төмендеуі, ал импорттың шамалы ғана азаюы елдің экономикалық дамуына кері әсер ететінін атап өткен жөн. Жаһандық сауданың одан әрі даму болашағына бүкіл әлемде коронавирус инфекциясының таралу ықтималдығына байланысты болжам жасау қиын. Бірақ алдағы 3-6 айда карантин шаралар күшейген жағдайда, әлемдік сұраныс ұзаққа созылған тоқырауға түседі.
 
Алайда, халықаралық институттардың болжамы бойынша, әлемдік сауда-саттық 2021 жылдың көктемінде біртіндеп қалпына келе бастайды.
 
Жақында дүниежүзілік банк жариялаған әлемдік экономиканың болашағы жайлы баяндамада 2020 жылы Қазақстанның ЖІӨ-сі шамамен 3%-ға төмендейтінін атап өтті. Бұл ретте Еуропа мен Орталық Азия елдеріндегі құлдырау орта есеппен 4,7% деңгейінде болады. Мұндай көңілсіз болжамдар көбінесе әлемдік сауданың құлдырауына байланысты. Бұл ретте пандемия Дүниежүзілік банк сарапшыларының болжамынан гөрі, елдің экономикалық өсуіне неғұрлым елеулі әсер етуі мүмкін. Карантин шаралар ұзаққа созылған жағдайда, инвестициялық белсенділік күйзеліске ұшырайды, бұл өз кезегінде сыртқы сұраныстың төмендеуіне әкеп соғады.
 
Дегенмен, ДСҰ дерегі бойынша, әлемдік сауда индексі қыркүйектің ортасына қарай 95,6%-ға дейін төмендегеніне қарамастан, кейбір негізгі секторлар бойынша сауда нарығы жақын арада қалпына келе бастайды. Атап айтқанда, авиация, жүк тасымалы және құрылыс секторындағы жағдай жақсарады деп болжанып отыр. Қалған секторлардың жағдайы 2020 жылдың соңына дейін жақсара қоймайды, тек 2021 жылдың көктеміне қарай қалпына келуі ықтимал.
 
Өз кезегінде Goldman Sachs инвестициялық банкі Халықаралық қаржы орталықтары әлемдік нарықты құтқара алатынын атап өтті.
 
Халықаралық қаржы интеграциясы экономиканың сыртқы дағдарысқа иммунитетін нығайтады.
 
Соңғы онжылдықтардың басты трендіне айналған экономиканың жаһандануы дамыған елдердің нарығы арасындағы шекараны жойып, тауар мен капитал еркін қозғала бастады. Қаржы интеграциясы жаһандануға импульс беріп, ол экономиканың басқа салаларына ықпал  келеді, бұл капитал қозғалысын едәуір арттырады.
 
Бұл тізбекте халықаралық қаржы орталықтары қаржылық интеграцияның негізгі беріліс буыны болып табылады. Атап айтқанда, инвесторлар үшін қолайлы орта құра отырып, сол арқылы шетелдік капитал салымдарын тарта отырып, олар экономика секторларының дамуын ынталандырады.
 
Қазақстанда 2018 жылдан бері «Астана» халықаралық қаржы орталығы жұмыс істеп келеді. Қаржы орталығының Азия мен Еуропа нарықтарын ұштастыру мәселесінде күмәнсіз артықшылықтары бар: бұл Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші ел ретінде орналасуы, Ресеймен де, Қытаймен де тығыз ынтымақтастығы, жаңа Жібек жолы жобаларына жақындығы, ЕАЭО-ның «Белдеу және жол» бастамасымен бірігуі, елдің ислам әлемімен дәстүрлі байланысы және АҚШ пен ЕО-мен тұрақты қарым-қатынасы.

Азия мен Еуропаны Қазақстан аумағы арқылы қосатын жаңа трансқұрлықтық бағыттардың негізгі артықшылықтары — қаржылық шығындар мен рәсімдік шығындарды қысқарту. Мысалы, ел аумағы арқылы құрлықпен жеткізу 2-3 есе жылдам, атап айтқанда 12-15 күнде жүзеге асырылады.
 
Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде өңірлік экспорттаушылар 1 млрд адам тұратын алып нарыққа қол жеткізе алады. Осылайша АХҚО перспективалы нарықтарға шығу мүмкіндігін ұсына және сыртқы сауданың артуына ықпал ете отырып, қазақстандық өндірушілер үшін шекараны кеңейтеді.

Сондай-ақ оқыңыз