Елордада жастар коттедж жалдап, хэллоуин тойлаған
Жарияланды
Олар жауапқа тартылды
Коронавирус пандемиясы кезінде жастар карантин шектеулерін ұмытып,хэллоуин тойлаған. Олар Нұр-Сұлтанда коттедж жалдап, көңіл көтерген деп хабарлайды ҚазАқпарат елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Түнде полицияға көршілерден шағым түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Полиция бөлімшесіне 26 адам жеткізілді. Олардың ішінде кәмелетке толмаған 8 жасөспірім бар.
18 адамға қатысты учаскелік инспекторлар ҚР ӘҚБтК 437-бабы бойынша хаттама толтырып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды.
Балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді.