Иранда COVID-19 салдарынан өлім саны көбейді

Жарияланды
Өткен тәулікте Ислам республикасында 434 адам қайтыс болды

Иранда жаңа коронавирустық инфекцияға (COVID-19) байланысты өлімнің күн сайынғы өсуі 434 құрады.Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады.

Жалпы қайтыс болғандар саны 35 298-ге дейін өсті

Иран Ислам Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Сима Садат Лари өткен тәулікте COVID-19 инфекциясының расталған жағдайларының саны 7 719-ға өсіп, 620 291-ге жетті деді.

5244 адамның жағдайы ауыр деп бағаланады.

Иранда бүгінгі күнге дейін 486 691 адам қауіпті инфекциядан емделді.

Бүгінгі күнге дейін 4 965 326 тест жасалды.

Иранның барлық 31 провинциясы «қызыл»» аймақтарға енгізілген.

Иранда коронавирустық инфекцияның алғашқы жағдайы 19 ақпанда Кум қаласында тіркелген.
 

Сондай-ақ оқыңыз