Қазақстанда 333 бала коронавирустан емделіп жатыр

Жарияланды
Жалпы коронавирустық инфекциядан 4 489 адам ем қабылдауда

Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциядан 4 489 адам ем қабылдауды жалғастыруда. Олардың арасында 333 өскіншек бала бар. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Стационарларда 2 420 науқас жатыр. 2 069 адам амбулаториялық жағдайда емделуде.

Жалпы науқастардың арасында 150 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 15 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 22 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бұдан былай тәуліктік нәтижелер туралы ақпаратты үзбей жариялап отырады.

Барлық мәлімет ресми сайтта және ведомствоның әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы таратылады. Атап айтқанда, науқастардың жалпы саны жөнінде, қайтыс болу деректері туралы және де қоғам үшін маңызды ахуалдың барлығы ресми ақпарат тарату көздерінде жедел жарияланып тұрады. 
 

Сондай-ақ оқыңыз