Жаңалықтар

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтеді

Елбасы қаулыға қол қойды

«Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезі 25 қарашада өтетін болды. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек Twitter парақшасында мәлім етті.

   «Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XX съезін 2020 жылғы 25 қарашада өткізу туралы қаулыға қол қойды» деп жазды Бауыржан Байбек Twitter парақшасында.