Түркиядағы жер сілкінісінен қаза тапқандардың саны 60-қа жетті

Жарияланды
940 адам жарақат алды

Түркияның батысындағы Измир провинциясында жер сілкінісі құрбандарының саны 60-қа жетті, деп Түркияның Төтенше жағдайлар басқармасы мәлімдеді.  Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

 «Жер сілкінісі 60 адамның өмірін қиды, 940 адам жарақат алды», – делінген министрліктің хабарламасында.

Бұған дейін Измирге келген Түркия президенті Тайып Ердоған 58 адам қаза тауып, 896 адам жарақат алғанын хабарлаған.

Сонымен қатар, Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы Фахреттин Кодзидің айтуынша, 2076 құтқарушы қираған сегіз үйдің орнында іздеу-құтқару жұмыстарын жалғастыруда. Сондай-ақ, министр қазірдің өзінде 680-ден астам адам ауруханалардан шығарылғанын және 214 зардап шеккендерге медициналық көмек көрсету жаласуда деп қосты.

 

Сондай-ақ оқыңыз