Түркияның батысындағы Измир провинциясында жер сілкінісі құрбандарының саны 85-ке дейін өсті, ал 994 адам зардап шекті.Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
«Жер сілкінісі құрбандарының саны 85, жарақат алғандар – 994. 774 адам ауруханадан емделіп шыққан», – деп хабарлады министрлік.
220-ға жуық адам медициналық мекемелерде қалып, медициналық көмек алуда.
Измирдегі қираған және қатты зақымдалған сегіз ғимарат орнында іздеу-құтқару жұмыстары жалғасуда.