Экс-министр Елжан Біртанов қамауға алынды
Экс-министр Елжан Біртанов қамауға алынды. Бұл туралы ҚМ Қаржы мониторингі комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Экономикалық тергеу қызметі бұрынғы денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановқа қатысты аса ірі көлемде бюджет қаражатын ысырап ету фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде.Е.А. Біртановқа қатысты сотпен қамауда ұстау бұлтартпау шарасы санцияланды. Тергеу мүддесіне байланысты қосымша ақпарат жарияланбайды», – делінген хабарламада.
Елжан Біртанов 2017 жылдың 25 қаңтарынан денсаулық сақтау министрі қызметін атқарған. Ол 2019 жылдың 25 қыркүйегінде министр боп қайта тағайындалды. Ал 2008 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың сәуіріне дейін, сондай-ақ 2015 жылдың қарашасынан 2017 жылдың қаңтар айында дейін денсаулық сақтау саласының вице-министрі болған.