UFC ұйымының екі салмақ бойынша бұрынғы чемпионы Конор МакГрегор аралас жекпе-жекке қайта оралып, жеңіл салмақта өнер көрсетеді,- деп жазады Vesti.kz.
«McGregor FAST зертханасынан келдім. Денемді толық тексеріп, нәтижелері де шықты. Жеңіл салмақ, күт мені», – деп жазды Конор твиттер парақшасында.
Ирландиялық спортшы қай ұйымда өнер көрсететін нақтыламады. Бірақ ол тесттен өтіпті.