Әлемде індет жұқтырғандар саны 47,3 миллионнан асты

Жарияланды
COVID-19 жұқтыру және өлім жағдайларының ең көп саны АҚШ-та тіркелді

Әлемде коронавирус инфекцияның расталған жағдайларының саны 47,3 миллионнан асты. Бұл туралы Анадолу агенттігі хабарлады.

Worldometer веб-сайтынан алынған жаңартылған мәліметтерге сәйкес, 3 қарашада таңертеңгі жағдай бойынша қауіпті инфекцияны жұқтырғандардың саны 47 339 417-ге жетті.

COVID-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 1 211 628 құрады. Қауіпті вирустан айыққандар саны – 34 039 293. 

COVID-19 жұқтыру және өлім жағдайларының ең көп саны АҚШ-та тіркелді.
Штаттарда коронавирустық инфекцияның жұқтырғандар саны 9 567 543-ке жетті, қауіпті инфекцияның салдарынан 236 997 адам қайтыс болды.

Төменде COVID-19 салдарынан қайтыс болғандар саны 10 мыңнан асқан елдердің тізімі келтірілген:

Бразилия (160272), Үндістан (123139), Мексика (92100), Ұлыбритания (46 853), Италия (39059), Франция (37 435), Испания (36 257), Иран (35 738), Перу (34 585), Колумбия (31 670), Аргентина (31 623), Ресей (28 473), Оңтүстік Африка (19 465), Чили (14302), Индонезия (14 044), Эквадор (12692), Бельгия (11858), Ирак (11017), Германия (10734), Түркия (10 402) және Канада (10 208).

 

Сондай-ақ оқыңыз