Алматыда дәрі тапшылығы болмайды. Бұл туралы онлайн брифинг барысында Алматы қаласы әкімдігінің дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестірушісі Заңғар Сәлімбаев айтты, деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
«Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, маусым айында дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету мақсатында қалада тұрақтандыру қоры құрылған болатын. Оған жергілікті бюджеттен 10 миллиард теңге бөлінді. Қаражатты екіге бөлдік. Дәріханалар желісіне 5 миллиард теңге, ауруханалар мен клиникаларға 5 миллиард теңге. Қаңтардың аяғына дейін келісім шартқа сәйкес, дистрибьюторлар 40 миллион астам дәрі дәрмек жеткізу керек. Бүгінгі күні 33 миллион препарат келді. Оның 18,4 миллион қоймада тұр», – деді Заңғар Сәлімбаев.