Жаңалықтар

Түркістанда 2035 жылға дейін не өзгереді?

Бас жоспар бекітілді

 Үкімет отырысында Түркістанның 2035 жылға дейінгі инфрақұрылымдық дамуының бас жоспары бекітілді. Бұл туралы  ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің жаңалықтары хабарлады.

 «Жоба түркі әлемінің мәдени-рухани орталығы ретінде қаланы дамыту аясында қаланың жоспарлы құрылысын Көлік және инженерлік коммуникациялар жүйесімен, туризм инфрақұрылымымен қамтамасыз етеді. Жоба халық санының 350 мың адамға дейін өсуін және туристер ағынының өсуін ескере отырып жасалды», – деп атап өтті ҚР ИИДМ бірінші вице-министрі Қайырбек Өскенбаев.

Көлік:

Жолаушыларды тәуліктік өткізу төмендегідей:

• халықаралық әуежай – 6 мың жолаушы,
• Теміржол вокзалы – 5 мың жолаушы,
• автомобиль вокзалы-15 мың жолаушы.

Ұзындығы 1069 км болатын қолданыстағы жолдарды кеңейту және жаңа жолдар салынбақ. Автобус бағыттары 533-тен 850 км-ге дейін артады.

Сумен жабдықтау:

198 км су құбыры желісі салынады. Су қоры Иқансу-Ктай кен орнының жер асты сулары есебінен тәулігіне 35-тен 153 мың м3-ге дейін кеңейтілетін болады.

Жылу және газбен жабдықтау:

Жылумен жабдықтауды беру 2 жаңа бу-газ қондырғыларын салу және қолданыстағы қазандықтарды табиғи газға ауыстыра отырып жаңғырту есебінен 486-дан 1020 Гкал/сағ дейін ұлғаяды.
Қала «Түркістан» және «Иски Иқан» АГТС газ тарату станциялары арқылы Бейнеу-Шымкент магистральдық газ құбырын табиғи газбен қамтамасыз етеді. 2050 жылға қарай бұл станциялардың өнімділігін 130-дан 210 мың нм3 /сағатқа дейін арттырылмақ.

Электрмен жабдықтау:

8 жаңа қосалқы станция салу есебінен электр станцияларының қуатын 83-тен 434 млн. кВт/сағатқа дейін ұлғайту.