Венадағы атыста бес адам қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.
Венада болған атыста қаза тапқандардың саны беске жетті. Бұл туралы Австрияның Heute газеті хабарлады.
Оның айтуынша, алған жарақаттарының салдарынан 21 жастағы жігіт қайтыс болған. Газет жазғандай, қанішер атқан төрт оқ жас жігіттің кеудесіне тиген.
Сонымен бірге газет 16 жаралының ауруханаларда жатыр, олардың кейбірінің жағдайы ауыр деп бағалайды.
Бұған дейін Австрия канцлері Себастьян Курц теледидарда халыққа үндеуінде төрт бейбіт тұрғынның қайтыс болғанын жариялаған болатын.