Жаңалықтар

Алматы әкімдігі тұрғындардан шетелге ұшудан уақытша бас тартуды сұрады

Әлемдегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты

Алматы әкімдігі алматылықтардан әлемдегі күрделі эпидемиялық жағдайға байланысты шетелге ұшудан уақытша бас тартуды сұрады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 «Әлемдегі эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауының фонында Алматы қаласының әкімдігі қала тұрғындарын мүмкіндігінше біраз уақытқа шетелдік сапарлардан бас тартуға, сондай-ақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық шараларды сақтауға шақырады: маска режимін және әлеуметтік арақашықтықты сақтаңыз. Тәуекел тобындағы тұрғындар, әсіресе 65-тен асқан адамдар , үйден шықпау ұсынылады », – делінген хабарламада.

Департамент бірқатар елдерде инфекциялардың көбеюі тіркелгенін, төтенше жағдай режимі енгізіліп жатқанын және қалаларда коменданттық сағат күшінде екенін еске салады.