Қордағы зейнетақы төлемдерін өзіңіз есептей аласыз

Жарияланды
Болжамды зейнетақы калькуляторы қызметінің көмегімен

enpf.kz Қор сайтында «Болжамды зейнетақы калькуляторы» қызметі көмегімен болашақ зейнетақы төлемдерін өзіңіз есептей аласыз. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның ресми телеграм арнасы хабарлады. 

Болжамдық есептемеде келесі компоненттерді қамтылады:
• Мемлекеттік базалық зейнетақы;
• жасына байланысты зейнетақы (немесе ортақ);
• БЖЗҚ төлемдері;
• МЗЖ, МКЗЖ және ЕЗЖ есебінен аударымдар.

Зейнетақыны есептеу үшін осы қызметті пайдалану үшін туған күн, жыныс, еңбек өтілі, жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу уақыты, бүгінгі күнгі жинақтар сомасы және жалақы сынды ақпараттарды енгізу жеткілікті. 

БЖЗҚ-дан төленетін болашақ төлемдерді есептеу нәтижесі үш сценарийде (пессимистік, шынайы және оптимистік) беріледі, олардың әрқайсысы инфляцияның болжамды деңгейін және ықтимал кірістілікті ескереді. Бұл жағдайда нәтижелер нақты құнмен көрсетіледі (тиісті кезеңдегі инфляцияны шегергенде).

Сондай-ақ оқыңыз