Міндетті зейнетақы жарналарын кімдер аудара алады?

Жарияланды
Бірыңғай жиынтық төлем міндетті төлемдердің төрт түрін біріктіреді

Міндетті зейнетақы жарналарын кімдер аудара алады? Бұл сұраққа БЖЗҚ АҚ-ның Telegram арнасы жауап берді.

Міндетті зейнетақы жарналарын (МЗЖ) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (БЖЗҚ) аудару келесі жағдайлар бойынша іске асырылады:

1. Егер Сіз жалданып жұмыс істейтін болсаңыз, онда жұмыс беруші (агент)  өз жұмыскерлеріне төленетін кірістерден, сондай-ақ азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт жасасқан жеке тұлғалардың кірісінен ай сайын міндетті зейнетақы жарналарын есептеп, ұстап қалады және оларды БЖЗҚ-ға өзі аударады. Яғни бұл жағдайда Сіз өзіңіз МЗЖ-ын Қорға аудара алмайсыз.

2. Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар қатарынан болсаңыз, онда МЗЖ-ды бірыңғай жиынтық төлем (БЖТ) құрамында төлей аласыз. 
БЖТ міндетті төлемдердің төрт түрін біріктіреді:

• 10% – жеке табыс салығы;
• 20% – әлеуметтік аударымдар;
• 30% – міндетті зейнетақы жарналары;
• 40% – міндетті медициналық сақтандыруға аударымдар. 

2020 жылы БЖТ мөлшері республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда тұратын жеке тұлғалар үшін 2651 теңгені, ал басқа елді мекендердің тұрғындары үшін 1325,5 теңгені құрайды. 

3. Егер Сіз жеке кәсіпкер болсаңыз немесе жеке практикамен айналыссаңыз, онда МЗЖ-ын салық кезеңінің әрбір айы үшін есептеп, оларды өз пайдаңызға БЖЗҚ-ға аудара аласыз.

4. Егерде Сіз салық агенті болып табылмайтын тұлғамен азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт (АҚС) жасасаңыз, онда Сіз алатын табыстың кемінде 10% мөлшерінде, бірақ тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген жалақының 50 еселенген ең төменгі мөлшерінің 10% аспайтын мөлшерде өз пайдаңызға жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы БЖЗҚ-ға аударуға құқылысыз.
 

Сондай-ақ оқыңыз