2020 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан бойынша қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі 535 трлн теңге болды. Оның 93%-ы Қазақстан Ұлттық Банкінің төлем жүйелері – банкаралық ақша аудару жүйесіне және банкаралық клиринг жүйесіне тиесілі. Бұл жүйелер биыл орташа есеппен күніне 2,7 трлн теңгеге 203 мың төлем өңдейді, деп хабарлайды Ұлттық банк баспасөз қызметі.
Банкаралық ақша аудару жүйесіндегі транзакциялардың негізгі көлемі екінші деңгейдегі банктерге және банктік емес ұйымдарға, ал банкаралық клиринг жүйесінде – ЕДБ-ге және Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитетіне тиесілі.
2020 жылдың басынан бері транзакциялардың көлемі 17%-ға төмендеді, есесіне операциялар саны 21%-ға артты. Бұл коронавирус пандемиясына байланысты іскерлік белсенділіктің бәсеңдеуіне байланысты. Жеке тұлғалардың арасында қолма-қол ақшасыз төлем жасау ісі үлкен жылдамдықпен алға басқандықтан ұзақ мерзімді үрдісте транзакциялар саны есеп айырысу көлемінен де асып түсті.
Инфографика: ҚР Ұлттық банкі
Соңғы бес жылдың қорытындысы бойынша транзакциялардың саны 40%-ға, ал қолма-қол ақшасыз есеп айырысу – 15%-ға өсті. Бұл – жеке тұлғалардың қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды көбейткеніне байланысты.
Инфографика: ҚР Ұлттық банкі