Ақтөбеде жүргізіліп жатқан түсіндіру және алдын алу іс-шараларына қарамастан, автокөлік жүргізушілерінің мас күйінде көлік басқаруы жалғасуда, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Патрульдік полиция қызметкерлері Некрасов-Жанқожа батыр көшелерінің қиылысында көлікті мас күйінде басқарған, көлік жүргізу құқығынан айырылған 32 жастағы жүргізушінің «Опель-Вектра» автокөлігін тоқтатты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (КҚ-ны басқару құқығынан айырылған, алкогольдік масаң күйдегі адамның басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жүргізуші Ақтөбе қаласы ПБ УҰИ-ға қамауға алынды. Жүргізушілер ойланбай жасаған әрекеттерінің салдарының ауырлығын білуі керек.
Мас күйінде көлік жүргізу кезінде жүргізуші өз өміріне қауіп төндіріп қана қоймай, жол қозғалысының басқа қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді. Осыған байланысты, Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды алкогольдік және есірткілік масаң күйде тарнспорт құралдарын басқармауды сұрайды.