Лукашенко пандемия кезінде Еуропаға кеткен белорустарға қайта оралуға тыйым салды
Жарияланды
(жаңартылды )
Бұл шектеу Ресейге кеткен азаматтарға қатысы жоқ
Лукашенко елден кетіп қалған азаматтардың елге оралуына тыйым салды. Бірақ бұл шектеу Ресейге кеткен азаматтарға қатысы жоқ. Себебі,оның сөзінше, Беларусь елінің «шекарасы жоқ», – деп хабарлайды Тengrinews.kz DW-ге сілтеме жасап.
Александр Лукашенко бұл туралы вирус инфекциясына қарсы шаралар туралы жиында айтты.
Лукашенко шекара әскерінің қолбасшысына тек шетелдік емес, сондай-ақ «ел үшін қиын кезде» кетіп қалған Беларусь азаматтарының елге кірмеуіне бұйрық берген.
«Ол жаққа оқуға кетті ме – оқысын, жұмыс істесін. Біз оған қарсы болмадық қой. Сондықтан сол жерде жұмыс істеп, емделсін», – деді ол.
Александр Лукашенконың сөзінше, кей белорустар елге емделу арзан болғандықтан келеді.