Жаңалықтар

Мәскеуде оқушы сабақ кезінде қайтыс болды

Тергеу комитеті тексерісті бастады

Мәскеудің оңтүстігіндегі  мектепте оқушы дене шынықтыру сабағы кезінде қайтыс болды. Бұл туралы ТАСС агенттігі хабарлады.

Тергеу комитетінің Мәскеу бойынша бас тергеу басқармасының өкілі Юлия Иванова бұл факт бойынша тексеру басталғаның мәлімдеді.

 «Алдын ала мәліметтер бойынша, 6 қарашада Мәскеудің Оңтүстік әкімшілік округіндегі оқу орындарының бірінің оқушысы сабақ кезінде өзін нашар сезініп, кейін қайтыс болды», – деді ол. 

Қазір оқиға орнында тергеушілер жұмыс істейді, оқиғаның мән-жайы анықталуда.

 «Оқу орны қызметкерлерінің ішінен лауазымды тұлғалардан жауап алынады. Тексеру нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады», – деді Иванова.

Құқық қорғау органындағы дереккөздің нақтылауынша, қайғылы оқиға дене шынықтыру сабағында болды.