Зейнетақыны рәсімдеу қалай жүргізіледі ?

Жарияланды
Неше күн бұрын құжаттарды рәсімдеуге өтінішпен беру қажет

Қор жалпыға белгіленген зейнет жасына толған адамдардың (ерлер 63 жасқа толғанда, әйелдер 2020 жылдың 1 қаңтарынан – 59,5 жасқа толғанда), I және II топтардағы мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленген жандардың Қордан міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарынан құралған жинақтары есебінен арнайы кесте бойынша зейнетақы төлемдерін алуға құқылы екендігін тағы да еске салады. Бұл туралы БЖЗҚ АҚ-ның ресми Telegram каналы хабарлады.

Айта кетелік, 2018 жылдың қазан айынан бастап мемлекеттік зейнетақылар мен БЖЗҚ төлемдерін рәсімдеу үшін бірыңғай өтініш пен құжаттар топтамасын «Бір терезе» қағидаты бойынша ұсынуды жүзеге асыру мақсатында Композиттік қызмет енгізілген болатын.

Зейнетақы жасына жетуіне байланысты БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушылар тұрғылықты жері бойынша ХҚО-ға уақтылы, ал бірінші және екінші топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты төлем үшін мерзімсіз – БЖЗҚ бөлімшелеріне, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда БЖЗҚ веб-сайты арқылы хабарласуы қажет, өйткені зейнетақы төлемдері өтініш берілген күннен бастап тағайындалады және зейнетақы жинақтары таусылғанға дейін жүзеге асырылады.

Сонымен қатар, құжаттарды ХҚКО-ға өтінішпен бірге зейнетақы алу құқығына дейін 10 күн бұрын (яғни алушының зейнеткерлік жасқа толған күні) беруге болады.

БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін тағайындау үшін алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін және салыстыру үшін түпнұсқасын, сондай-ақ бюджеттен зейнетақымен бір мезгілде зейнетақы жинақтарынан төлемдер түсетін банк шоты туралы мәліметтерді ұсыну қажет.
 

Сондай-ақ оқыңыз