Нұр-Сұлтанда 45 адам коронавирус жұқтырды

Жарияланды
Бір тәуліктің ішінде

Елордада бір тәулік ішінде 45 адамда инфекциясы анықталған. Бұл туралы әкімдіктің ресми сайты хабарлады. 

Оның ішінде 25 адамда ауру белгілері білінсе, 20-сында симптомсыз өтуде. Барлық симптомсыз науқастар медицина қызметкерлерінің бақылауымен үй карантиніне оқшауланған.

Вирустық интоксикациясы бар пациенттер инфекциялық стационарда емделуде.

    «Біз тәулігіне коронавируспен ауыратындардың саны артып келе жатқанын байқап отырмыз. Соған қарамастан, жұқпалы аурулар ауруханасында 107-ден астам КВИ-мен ауыратын науқастар бар, өйткені біз аурудың белгілері бар науқастарды амбулаториялық деңгейде анықтап, емдейміз. Біз болжағандай, аурудың өсуі қазан – қараша айларында байқалды. Елордалық медицина вирустың қайта өршу жағдайына толыққанды дайын. Ең бастысы, науқастардың ӨЖЖ аппаратымен демалуына, аурудың асқынуына жол бермеу қажет», – деп атап өтті Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Пандемия басталғаннан бері елордада COVID-19-бен аурырған 14,789 адам тіркелді. Оның ішінде 14 156 науқас коронавирус инфекциясынан емделіп шықты.

Сондай-ақ оқыңыз